Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ ХАНЫ ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

Қызылорда қаласындағы №375 сайлау учаскесінде референдум аясында ерекше әрі мазмұнды акция ұйымдастырылды.

Қазақ хандары Қасым хан, Есім хан және Тәуке хан бейнесіндегі азаматтар бір мезетте дауыс берді.

Тарихтан белгілі, Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ халқын бірлікке ұйыстырып, мемлекеттіліктің берік негізін қалаған заңдар жүйесі болды. Бүгінгі Ата заң да сол бабалар салған сара жолды жалғап, Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды құжат екені сөзсіз.

Шараның мақсаты азаматтардың саяси белсенділігін арттыру және ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әрбір тұрғынның дауыс беруінің маңызын көрсету.

Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы сайлау учаскелерінде референдум талаптарына сәйкес дауыс беру процесі ашық, заң талаптарына сай әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қала тұрғындары өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде 22,7 млн тонна астық бастырылды

Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды

Қазақстанда University of Exeter қатысуымен тау-кен ісі саласындағы білім беруді дамыту жоспарланып отыр