Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Байқаудың мақсаты – Абай мұрасын насихаттау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталық аппаратында ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абайды оқы, жалықпа» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Байқау барысында қатысушылар «Қара сөздерден» үзінділерді мәнерлеп оқып, Абайдың өлеңдерін орындады.

Үздік өнер көрсеткен қатысушыларға «Қара сөздер» кітабы, дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
Көрермендер үшін ақынның өмірі мен мұрасына арналған сұрақтар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді.

Байқаудың мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және ұжымда шығармашылық орта қалыптастыру.

Сәйкес жаңалықтар

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 67 шетел азаматы елден шығарылды

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЕКІ ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық  кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті