Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Белгіленбеген жерде намазхана ашқан өскемендік жауапқа тартылды

Фото: ruspravda.info

Өскемендік тұрғынға белгіленбеген жерде намазхана ашқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны қаланың ойын-сауық орталықтарының бірінде тиісті құзыретті органдардың рұқсатынсыз намаз оқитын үй-жай ашып, діни рәсімдер өткізгенін анықтады. Намазхана меншік иелеріне де, мекемеге келушілерге де арналған.

Қазір ер адам белгіленбеген жерлерде діни жораларды, рәсімдер мен жиналыстарды өткізу үшін ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігімен («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған соттың шешімімен 130 мың теңге сомасында айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Ер адамның айтуынша, ол аталған бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы білмеген.

Сәйкес жаңалықтар

V Республикалық Жазғы волонтерлер мектебі өз жұмысын аяқтады.

Алматыда әл-Фараби даңғылында 300-ге жуық ағаш отырғызылды

Мәдениет және спорт министрі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді

zd_admin