Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

БИБІСАРА АСАУБАЕВА – ГРАН-ПРИДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Шахматтан Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы соңғы турда Вейшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді.

Ал Асаубаевамен бірдей келе жатқан Алина Кашлинска (Польша) қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Жалпы Бибісара Тбилисиде әуелі Сарасадат Академалшариехті (Испания), сосын 7-турда Александра Костенюкті (Швейцария) ұтты. Қалған партияның бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан.

Бибісара – бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.

Сәйкес жаңалықтар

Ержет Жарылқасын әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады.

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Батыр Жүкембаев әлемнің экс-чемпионымен айқас алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді