Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Демеу докторантураға түсті

Олардың есімі академияның Құрмет тақтасына алтын әріппен жазылады.

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Париж Олимпиадасының жүлдегерлері: Демеу Жадыраевқа докторантура, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратура грантын табыстады.

Білім гранттары академияның бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімінде табысталды.

Париж Олимпиадасында медаль алған бес спортшы: Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов, Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Ислам Сәтбаев – осы академияның түлектері. Олардың есімі академияның Құрмет тақтасына алтын әріппен жазылады.

«Тәжірибе жүзінде білген-түйгенімізді енді теориямен ұштастыруға, ғылыми тұрғыда ізденуге мүмкіндік берген, өзім оқыған академия басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Ал, артымыздан еріген жас өрендерге сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңа жетуден ешқашан шаршамаңдар», – деді Демеу Жадыраев.

Сәйкес жаңалықтар

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай жаңа әлем рекордын орнатты

Қазақстан әйелдер құрамасы көгалдағы хоккейден Орталық Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

2024 жыл отандық спорт үшін ерекше жыл болды