Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Эльбруста “Адай” күйі шертілді

фото: скрин
Жерлесіміздің өнеріне желі қолданушылар тәнті болды.

26 жастағы Әлібек Қайырбек Эльбрус шыңына шығып, Құрманғазының “Адай” күйін орындады.

Ол Ақмола облысының тумасы. Қазір Астана қаласында еңбек етіп жүр. Әлібек алты баланың үлкені, деп жазады inbusiness.kz сайты.

“Көкшетауда туып-өсті, облыс орталығындағы № 19 орта мектепте оқыды. Тоғызыншы сыныптан соң Астана қаласындағы ұлттық өнер университеті жанындағы музыка колледжінің домбыра бөліміне оқуға түсті. Одан әрі білімін „Шабыт“ ұлттық өнер университетінде жалғастырды. Оны бітіріп, қазір Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының халық аспаптар оркестрінде домбырашы болып жұмыс істеп жүр”, — дейді жігіттің әкесі.

 

Сәйкес жаңалықтар

«Ұят болды»: Ішкі істер министрінің орынбасары қыз зорлаған әріптесі туралы пікір білдірді

Астанада «Самға, Balapan!» жүлдесін табыстау салтанаты өтті

Алматы-Қарағанды автомобиль жолы қашан толық пайдалануға беріледі