Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Елімізде ақылы жолдардың тарифі өзгерді

Фото: gov.kz

3 қазаннан бастап елімізде жол ақысының тарифі өзгереді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, осы күннен бастап көлік жүргізушілері жол ақысын жаңа тарифпен төлейді. Оның бағасы айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі.

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттаған.

«Астана – Щучинск», «Астана – Теміртау», «Тараз – Қайнар» және «Қонаев – Талдықорған» тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 теңге аралығында болады.

«Алматы – Қорғас» бағытындағы жолға 359 теңге төленеді.

«Астана – Павлодар» бағытына 456 теңге және «Шымкент – Қызылорда» тас жолына 527 теңге деп бекітілді.

Ал «Щучье – Көкшетау», «Алматы – Қонаев», «Шымкент – Тараз» және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау – 72 теңгеден 120 теңгеге дейін.

Сәйкес жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ МАУСЫМДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ӨТТІ

Еліміздегі білім беру жүйесінің дамуы: жетістіктері мен болашағы

Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады