Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Елімізде алғаш рет Superpave технологиясы сынақтан өткізілмек

Дереккөз: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Астанада жолдарды жобалау мен құрылыс барысында америкалық superpave технологиясын қолдануға арналған семинар өтті.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, автомобиль жолдарының эксплуатациялық сипаттамаларын арттыруға мүмкіндік беретін Superpave әдісі елімізде алғаш рет сынақтан өткізілмек.

Superpave – асфальтбетон құрамдарын көлемді жобалау әдісі. Бұл технологияның басты артықшылығы мен айырмашылығы – жобалау және жөндеу жұмыстары кезінде әр аймақтың климаттық жағдайы мен температурасы әрі қозғалыс қарқындылығы ескерілетіндігінде, – делінген компания хабарламасында.

«ҚазАвтоЖол» ҰК мамандары америкалық superpave технологиясын сынақтан өткізу үшін тәжірибелік-эксперименттік учаскелерді анықтауға кірісті. Алғашқы апробация 2024 жылы өтеді деп жоспарланған.

Бұл жұмыс ирландиялық MACEL консалтинг компаниясымен және Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен бірлесе жүргізіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында мектеп директорының төбелескен видеосы тарады

Қазақстан Конституциясына енгізілетін жаңа өзгерістердің бірі – неке мен отбасы құндылықтарын конституциялық деңгейде қорғау

Ішкі істер министрі Бишімбаевтың ісіне қатысты тың ақпарат айтты

zamandas69@mail.ru