Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Елордада «Сарайшық» ауданы бойынша жаңа мемлекеттік кірістер басқармасы құрылды

Маңызды әкімшілік өзгеріс: елордада «Сарайшық» ауданы бойынша жаңа мемлекеттік кірістер басқармасы құрылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті «Сарайшық» ауданы бойынша жаңа Мемлекеттік кірістер басқармасының құрылғаны туралы хабарлайды (БСН 250140008079). Бұл өзгеріс Алматы ауданын қайта құру шеңберінде орын алды және салықтық әкімшілендіруді оңтайландыруға және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

Жаңа басқармаға 6209 бірегей коды берілген, ол осы ауданда тіркелген салық төлеушілермен байланысты салық операцияларына арналған.

«Сарайшық» ауданы бойынша МКБ мекенжайы өзгеріссіз қалады – Алматы ауданы бойынша МКБ ғимараты, Астана қ., Ахмет Жұбанов көшесі, 16.

Құрметті салық төлеушілер, салық есептілігін ұсыну мерзімдері жақындағандықтан, нысандарды ұсыну кезінде тіркеу деректерін тексеруді ескертеміз.

Сәйкес жаңалықтар

Маңғыстауда туризм қалай дамып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Huawei Technologies Co. LTD директорлар кеңесінің төрағасы Хуа Лянді қабылдады

Елімізде цифрлық сауда инфрақұрылымы, электрондық төлемдер мен логистикалық сервистер дамып келеді