Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Елордалық боксшы Темірлан Мұқатаев Азия чемпионы атанды

Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста ел намысын қорғаған елордалық спортшы чемпион атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

90 келі салмақта ел намысын қорғаған елордалық спортшы Темірлан Мұқатаев ақтық бәсекеде өзбекстандық боксшы Шохрух Абдумаликовты 3:2 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.

Сонымен қатар, жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздар арасында жерлесіміз Ақбота Есімбекова қола медаль иеленген болатын.

Айта кету керек, аталмыш турнирге 26 елден 400-ге жуық жас спортшы қатысты. Турнир бүгін аяқталады.

Бұл жарыс – World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін алғашқы құрлықтық біріншілік.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Елімізде «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті

«Асыл мұра» жинағы – Қазақстанның музыка өнері тарихында халықаралық стримингтерде кеңінен таралған ең ірі жинақ