Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханият

Елордалық оқушы Мұқағали Мақатаевтың портретін 1500 бөтелке қақпағынан жасап шығарды

Астана қаласындағы Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Мирас Төлеген ақиық ақынның портретін 1500 бөтелке қақпағынан құрастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ерекше туындыны оқушы технология пәнінің мұғалімдері Шайдолда Абылғазыұлы және Дінқауым Сейсенбайұлымен бірлесіп жасаған. Шығармашылық жұмысқа екі ай уақыт кеткен.

Портретті жасауға қажетті 1500 бөтелке қақпағын мектеп оқушылары жинаған. Осылайша, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын қарапайым заттар өнер туындысына айналды.

Жоба оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, қалдықтарды қайта пайдалануға және бірлесіп жұмыс істеуге үйретеді.

Ақынның бейнесін ерекше тәсілмен сомдаған жас өреннің бұл жұмысы ұлттық әдебиетке деген құрмет пен шығармашылық ізденістің жарқын үлгісі болды.

Сәйкес жаңалықтар

Ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өтті

Елорданың мәдени ұйымдары «Ұлттық киім» күніне ауқымды флешмоб өткізді

Тілсіз жаудың беті қайтар емес