Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Еркін күрес: Ерхан Бексұлтанов Азия чемпионы атанды

Фото: Күрес түрлері федерациясы

Иорданияның астанасы – Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының (U15&U20) соңғы күні U20 еркін күрестен 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, балуандарымыз ел қоржынына 4 жүлде салды.

Атап айтар болсақ, 74 келіде сынға түскен Ақмола облысының балуаны Ерхан Бексұлтанов финалда Иран елінің өкілі Хосейн Аббас Мұхаммадты 10:0 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.

Бұдан бөлек, 61 келіде сынға түскен Әбдінұр Нұрланбек кореялық Хун Минді 8:1, 86 келідегі Иманғали Қалдыбек өзбек Искандарбек Тожибоевты 4:2 және 92 келідегі Нұрдәулет Бекенов моңғол Делгердалай Демберелді 12:0 есебімен ұтып, құрлық чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Амман төрін 9 күн бойы дүбірге бөлеген Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасын тамаша жетістікпен құттықтаймыз!

Сәйкес жаңалықтар

Ұлттық арналар XXV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Қонақтарға ұлттық мәдениеттің элементтері де көрсетілді

Қазақстан ресми түрде Париж Олимпиадасына шақырту алды