Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

«Голдың әдемілігі маңызды емес» – Абат Айымбетов (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Солтүстік Ирландиямен ойыннан кейін тілшілерге сұхбат берді, – деп хабарлады turkystan.kz. 

Кездесудегі жеңісті голды соққан футболшы құрамаға қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын айтып, ойыннан алған әсерімен бөлісті.

«Қазақ еліне керемет эмоция сыйлағанымызға қуаныштымыз. Ойынның соңғы минутында гол салып, соның арқасында жеңіске жеттік. Кездесу біз үшін оңай болған жоқ. Командадағы жігіттерге рақмет. Әу баста сырт алаңда қиын ойын болатынын білдік. Соған қарамастан үш ұпай еншіледік. Қазақ елін осы айтулы жеңіспен құттықтаймын. Бұл – керемет жетістік. Қолдау білдірген жанкүйерлерге мың алғыс. Мен үшін голдың әдемілігі маңызды емес, командаға пайдасын тигізсе болды. Шешуші сәтте көзге түскеніме, бапкердің де, өзімнің де жоспарым жүзеге асқанына қуанып тұрмын», – деді Абат Айымбетов.

Айта кетейік, Белфастта өткен кездесуде қосалқы құрамнан ойынға қосылған Абат кездесудің 88-минутында қарсыластың бірнеше ойыншысын алдап өтіп, жеңіс голын соққан болатын.

Сәйкес жаңалықтар

V Азия Пара ойындарына Қазақстан тарапынан 150 спортшы қатысады

Конкур – ол жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілетін анықтайтын олимпиадалық спорт түрі

Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді