Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Головкин Қазақстанға оралып, алғашқы фотосын жариялады

фото: Instagram.com

Бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға оралғаннан кейінгі алғашқы фотосын жариялады.

Ол дастархан басында отырып, қазақтың ұлттық тағамдары қойылған фотосуретті жариялап, Instagram-дағы геолокациясын «Қазақстан» деп көрсеткен.

Дастархан басында. Үйде жақсы екен, – деп жазды ол.

Бұған дейін боксшы Сұлтан Зәуірбек әуежайда Геннадий Головкинмен түскен фотосын жариялап, елге бірге бара жатқанын жазған еді.

Гена ағамызбен елге қайттық, – деген-ді ол сол кезде.

Әзірше Головкин елге келісімен алдағы жоспары туралы айтпады. Ол соңғы рет мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы үш рет жекпе-жек өткізген болатын. Сол кезде Головкин үш кездесудің біреуінде Альвареспен тең түссе, екеуінде төрешілердің шешімімен жеңілген еді.

Сәйкес жаңалықтар

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Астанада велотректен республикалық қысқы чемпионат өтті

Алматыда жаңа «Алатау» теннис орталығы ашылады