Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының жазба мұрасын насихаттау

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ғимаратында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының жазба мұрасын насихаттау, көпшілікке көне жәдігерлерді таныстырып, жазба мұралар арқылы ұрпақты елдік пен бірлікке тәрбиелеу.

Көрмеде VIII–IX ғасырлардағы руникалық жазумен көне түркі тілінде жазылған «Ырық бітік» кітабы, Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі, «Оғызнама», «Кодекс куманикус», Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастаны, «Шаджаратул атрак», араб және парсы тілдеріндегі еңбектер таныстырылды.

Сонымен қатар  А.Құнанбайұлының шығармалар жинағы, А.Байтұрсынұлының 1928 жылы жарық көрген «Тіл жұмсары», 1929 -1940 жылдары латын қарпімен жазылған І.Жансүгіров, Б.Майлиннің  шығармалары және өзге де сирек кітаптар қойылды.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі

Елорда күніне орай ерекше концерт өтеді

Мемлекет басшысының атынан Астанада отандық бұқаралық ақпарат құралдарының үздік өкілдері марапатталды