Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Израильде сот реформасына қарсы наразылықтар басталды

Фото: ашық дереккөз

Израильде сот реформасына қарсы наразылықтар басталды.

Ha’aretz газетінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер Тель-Авивтегі үлкен тас жолдарға бөгет жасап, бірнеше көшеде көлік қозғалысын жауып тастады.

Демонстранттар тобы Израиль Қорғаныс министрлігінің алдына жиналған. Наразылықтар Иерусалим, Эйлат, Беер-Шева, Петах Тиква, Ход Хашарон, Рамат Ган, Хадера қалаларында да жоспарланған.

Басылымның мәліметіне қарағанда, реформаға қарсылар мен жақтастар арасындағы қақтығыстың алдын алу үшін көшелерде полицияның қызметі күшейтілген.

Сәйкес жаңалықтар

Погондағы спортшы: Қарағанды облысы ПД қызметкері – Азия ойындарының күміс жүлдегері

zamandas_kz

Свыше 820 тысяч человек посетили музеи Казахстана в первом квартале 2026 года

zamandas_kz

Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты

zamandas_kz