Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Көлік министрлігі «Орталық – Батыс» тасжолының бағытын таныстырды

14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы стратегиялық маңызға ие «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді. Бұл тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету үшін Көлік министрлігінде арнайы жиын өтіп, жұмыс барысы талқыланды.

Жаңа автожол елорданы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы батыс өңірлерімен жалғайды. Жоба шеңберінде «Астана – Арқалық» және «Торғай – Ырғыз» бағыттары бойынша жаңа жолдар салынбақ. Ал Арқалық пен Торғайдың арасындағы жол қолданыста қала береді (бұл аралық күрделі жөндеуден өтті, нормативтік жағдайы жақсы).

Бүгінде нысанға қажетті арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, вахталық қалашықтар тұрғызылуда. Сонымен қатар топырақтың құнарлы қабатын алу жұмыстары атқарылуда.

Сәйкес жаңалықтар

Орал қаласында жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші ұсталды

2024 жылы 293 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды

«Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабының тұсаукесері өтті