Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗакон и порядокОбщество

Кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталды

Фото: Polisia.kz

Ел бойынша полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйымды бұзғандарды анықтау үшін рейдтер жүргізді, – деп хабарлайды zamandas.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 16 қыркүйектен бастап өткізіліп келе жатқан “Учаске“ жедел–профилактикалық іс-шарасы аясында ойын-сауық орындарында кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталды. 25 млн теңгеге айыппұл салынды. Айта кету керек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес темекі өнімдерін, оның ішінде кальянды тұтынғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қазіргі уақытта ІІМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп кафе мен мейрамхана иелерінің өз мекемелерінде кальян шегу фактілерін болдырмау жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін пысықтап жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

«Такие вещи не афишируются»: бывший подчиненный Бокаева признался в передаче ему наличных

Ақтауда 15 млн теңгенің қызғалдақтары сынып жатыр

zamandas69@mail.ru

«Мы видели, как люди стояли в очереди»: международный наблюдатель из Узбекистана оценил выборы в Курултай