Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

«Әкесінің қайтыс болғанын білген кезде, өзімді кешіре алмадым»

23 жастағы ер адам бұрын бұзақылық үшін сотталған еді, алайда бостандыққа шыққаннан кейін көп ұзамай тағы да қателік жасап, ұрлық жасаған.
Қазір ол істеген ісінің ауырлығын толық түсінеді. Оның айтуынша, ең үлкен өкініші — өз әрекеттерімен ата-анасына ауыртпалық түсіргені. Әсіресе жүрек ауруынан қайтыс болған әкесінің өлімі оны қатты күйзелткен. Бұл оқиға оған үлкен соққы болған.
– «Әкемнің қайтыс болғанын естігенде, өзімді кешіре алмадым. Сол кезде мен өз іс-әрекеттерімнің салдары қаншалық ауыр болатынын түсіндім. Енді түзеліп, анамның үмітін ақтап, бостандыққа шыққан соң жаңа өмір бастағым келеді», – дейді ол.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, сотталған азамат тәртіпті, еңбекке белсенді қатысады. Ол әлеуметтік және психологиялық қолдау алып, қоғамға қайта оралу жолында нақты қадамдар жасап жүр.

Сәйкес жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АЙДЫНДЫ АРАЛ ӨЛКЕСІНДЕ ЖАС ҰРПАҚ ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Астанада «Ауыл» партиясының кезектен тыс XXVI съезі басталды

zamandas69@mail.ru

Балалар денсаулығын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау жүйесіне жаңа міндеттер қойылды