Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Кез келген адам таксист бола алмайды. Таксистерге қойылатын талап күшейеді

Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың сәуір айында Әлеуметтік кодекс шеңберінде «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына бірқатар түзету енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Атап айтқанда, енді таксист болу үшін азамат жергілікті атқарушы органдардың ресми такси тасымалдаушылары бойынша тізіліміне хабарлама жіберу керек.

Сонымен бірге таксист болуға өтінім білдіргендер таксиге қойылатын талаптарды сақтауы бойынша бақылауда болады.

Таксистерге қойылатын талаптарды бақылау таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметіне жүктеледі. Олар қойылатын талаптардың сақталуын мобильдік қосымшаның операторы арқылы бақылайды.

Аталған түзетулер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енеді.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 200-ге жуық адам жауапқа тартылды

zamandas69@mail.ru

Басты мақсат — жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазақстан Президент айқындаған міндеттер аясында туризмді дамытып келеді