Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

«Кездейсоқ комплимент» акциясы

Референдум күні сайлау учаскелерінде ерекше көңіл күй сыйлаған «Кездейсоқ комплимент» акциясы өтті. Дауыс беріп шыққан әрбір қатысушы арнайы қораптан шағын қағаз суырып, жүрекке жылы тиетін тілектер мен комплименттерге ие болды.

Қатысушыларға арналған жазбалардың ішінде:
«Күніңіз дауыс беруге келген шешіміңіздей жақсы өтсін!»,
«Күлімсірегеніңіз бен белсенділігіңіз үшін рахмет!»,
«Сіз бұл күнді одан да жарқын еттіңіз!» сияқты жылы сөздер болды.

Бұл шағын ғана бастама сайлаушыларға жақсы көңіл күй сыйлап, азаматтық белсенділіктің әрбір көрінісі маңызды екенін еске салды. Көптеген тұрғындар мұндай жағымды тосынсыйлар күннің мерекелік атмосферасын арттыра түскенін атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау қазанда басталады

Астанада Боччадан Қазақстан Кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады

zamandas69@mail.ru