Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Кездесу барысында саланың өзекті мәселелері талқыланды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жергілікті креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті.

Қарағанды облысында жалпы 2161 креативті индустрия субъектісі тіркелген. Ең кең таралған сала қатарында IT-технологиялар, металл және тастан бұйымдар өндіру, архитектура, кино және ТВ-продакшн, этно-фэшн бағыты бар. Қазіргі уақытта өңірде креативті хаб құру жұмыстары жүргізілуде.

Кездесу барысында саланың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, көрме алаңдарын ұсыну, креативті тауарлар мен қызметтерді коммерцияландыру және экспорттау мәселелері қозғалды.

Евгений Кочетов қазіргі уақытта аталмыш экономикалық секторды мемлекеттік қолдаудың екінші пакеті қарастырылып жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, биыл креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша заң қабылданған болатын. Сонымен қатар Бюджет кодексі бекітілді. Енді ұлттық лотерея операторы табысының 3%-ы тоқсан сайын Креативті индустрияларды дамытуға қолдау көрсету жөніндегі корпоративтік қорына бөлінетін болады. Қор осы жылдың шілде айында жұмысын бастайды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды жыл сайын скринингтік зерттеп-қараудан өтуге шақырады

ҚЫЗЫЛОРДАДА «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға сәттiлiк тiледi