Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Конституция күні: Астанада бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтті

Астанада Ботаникалық саябақта әуесқой желаяқтар бас қосты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мерекеге орай ұйымдастырылып жатқан жүгіру іс-шарасында ешқандай жүлделі орын қарастырылмаған. Бірақ бұл спортты серік еткен жандарға тосқауыл емес. 13 шілдеде ғана қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға 700-дей қатысушы жиналып еді. Бүгін сол сәтті ескере отырып, лотерея билеттерін 1000-ға дейін арттырдық. 1300-дей адам тіркелді. Спортқа деген тұрғындардың ынтасы артып жатқаны өте қуанышты жайт. Алдағы уақытта тағы ұтыс билеттерін көбейтуге тырысамыз», – деді, жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.

Қатысушылардың арасында 18 жасқа дейінгілер 1 300 метр қашықтықты бағындырса, ересектер 4 шақырымды жүгіріп өтті.

Спорттық шарада мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль беріліп, лотерея арқылы 10 велосипед ойнатылды.

Сәйкес жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысы басталды

Министрлік қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы туралы мәлімдеме жасады

Астана жастары қаланың тазалығын және жаман әдеттерден бас тартуды қолдайды

zamandas69@mail.ru