Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Әлемнің ең бақытты қалалар тізімі жарияланды

фото: dostoprimechatelnosti-online.ru
Ұлыбританиялық Institute for Quality of life компаниясы әлемнің ең бақытты қалалар тізімін жариялады. Әлем тұрғындарының өмір сүру сапасын зерттеумен айналысатын компанияның рейтингіне 200 қала кіріктірілген.

Аталған рейтинг әр қаладағы экология, білім беру, саяси жүйе, көлік қатынасы секілді маңызды критерийлерді бағалау арқылы жасақталған. Ең бақытты қалалардың көш басында Орхус (Дания), 2-орында Амстердам (Нидерланды), 3-орында Берген (Норвегия) қаласы тұр.

  1. Орхус, (Дания)
  2. Амстердам, (Нидерланды)
  3. Берген, (Норвегия)
  4. Брисбен, (Аустралия)
  5. Канберра, (Аустралия)
  6. Эскильстуна, (Швеция)
  7. Женева, (Швейцария)
  8. Хельсинки, (Финляндия)
  9. Йенчепинг, (Швеция)
  10. Лондон, Ұлыбритания.

Сән әлемінің астанасы саналатын Париж 40-орында, Дубай 114-орында, Мәскеу 137-орында, Ыстанбұл 149-орында, Анкара 161-орында тұр. Рейтингті Никосия (Кипр) қаласы түйіндейді. Айта кетерлігі, бұл рейтингте Орталық Азия елдерінің қалалары енбеген.

Сәйкес жаңалықтар

Указом Президента Казахстана награждена оперная певица Мария Мудряк

Астана становится зеленее: врачи, учителя и коммунальные службы высаживают деревья в рамках акции «Таза Қазақстан»

Известный юрист предложил исключить риски политизации религии в Казахстане