Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Мас жолаушы Ақтау-Баку рейсінен түсірілді

Оқиға Ақтау қаласының әуежайында ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде болған.  49 жастағы қала тұрғыны масаң күйінде болып, әуежайдың тексеру қызметінің инспекторына балағат сөздер айтып, ескертулерге құлақ аспаған.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, оған қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырды.

Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 53-ке жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті. Бұл деректердің барлығында құқықбұзушылар заңға немқұрайлы қарап, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған. Түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен 54 жолаушы түсірілді, оның ішінде 31-і қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін.

Сәйкес жаңалықтар

Сіздерге жүктелген міндет асқан жауапкершілікті қажет етеді

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорттық лагерь ашылды

«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ