Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

фото:Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Бас прокурор Берік Асылов қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің өзекті мәселелері жөнінде баяндады.

Отырыс барысында құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің терроризмге қарсы күресті күшейту бойынша түрлі аспектілері қарастырылды.

Мемлекет басшысы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Сәйкес жаңалықтар

Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш

«Сыртта жүріп те, елдің ішінде жүріп те өз еліңді жамандау дұрыс емес.

Астанадағы 3-ЖЭО құрылысы: мердігердің 21,5 млрд теңге қарызы бар, бірақ тағы ақша сұрап отыр