Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Грекия Президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуласты Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор  екенін атап өткім келеді. Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Грекия халқына құт-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «KZO CAMP: ONE COMMUNITY» СЛЕТІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ПРЕЗИДЕНТ САЯБАҒЫНДА ТАЛ ЕГУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

22 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

Үздік бестікте! Алда – шешуші сайыс