Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.

Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА АУТИСТІК СПЕКТРДЕГІ БҰЗЫЛЫСТАРДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

«ROCA GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алматы қаласындағы мектепте ішек инфекциясының тіркелуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі жедел шаралар қабылдады