Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады.

– Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Президент ҚХР Төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Бұл спортшылар халықаралық ареналарда елдің намысын қорғап қана қоймай, жас ұрпақ үшін адалдықтың, рух пен патриотизмнің үлгісі

Қарағандылық жас дзюдошылар Мысырдағы халықаралық турнирде жүлдегер атанды

zamandas69@mail.ru

Мобильді аударымды тексеру шегі артатын болды