Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

Фото: Telegram/Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Кездесу барысында мемлекет басшысы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сәйкес жаңалықтар

Астаналық мергендер Азия чемпионатында 7 медаль жеңіп алды

Шыршаның түбі жаңа жылдық сыйлықтарға толды

«Егемендік пен елдіктің еңселі мінбері» атты мерейтойлық іс-шара өтті