Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Саясат

Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады

фото:Ақорда
Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.

 

Сәйкес жаңалықтар

Производство школьных автобусов в Алматы показали Смаилову

Жеті саяси партияның қатысуымен Ұлттық теледебаттың тікелей эфирі басталды

«Нәтиже жоқ»: Тоқаев Экология министрінің жұмысын сынға алды