Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Мемлекет басшысы Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Астанада өткен кездесуде табыстады.

Президент құттықтауында өнер иесінің еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға, музыкалық мұрасын дәріптеуге қосқан үлесін атап өтті.

«Өзіңізге тән қоңыр дауысыңыз бен ерекше орындаушылық мәнеріңіз талғампаз тыңдарманның жүрегінен орын алды. Сіз дәстүр сабақтастығын сақтап, халық әндері мен белгілі композиторлардың таңдаулы туындыларын насихаттауға мол үлес қосып келесіз. Ізденіске толы шығармашылық жолыңыз жемісті болып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз», – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Нұрлан Өнербаевқа мықты денсаулық, отбасына бақ-береке және еліміздің рухани-мәдени мұрасын байыту жолындағы еңбегіне толағай табыс тіледі.

 

Сәйкес жаңалықтар

Түзелмейтін жемқорларды ыстық темірмен мемлекеттік аппараттан жұлып алу керек — Антикор басшысы

«Асығыс шешім болды»: алдағы оқу жылы 25 мамырда аяқталады

Шикізаттан индустрияға: Қазақстан терең өңдеу саласын ауқымды жаңғыртуға кірісті