Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі

фото: www.istockphoto.com
Оның ішінде кітапханашы, мұражай, орман қызметкерлері де бар.

2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі.

Жалақыны көтеру келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерге әсер етеді:

Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көбейеді. Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды, – деп хабарлайды министрлік.

Мәселен, сарапшылар 2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге өсетінін түсіндірді.

Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық банк айқындаған инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінің мөлшері 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақылар – 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.

Сәйкес жаңалықтар

Президент отметил важную роль печатных СМИ в сохранении традиционных ценностей

Bloomberg назвал Казахстан одним из главных бенефициаров новой мировой экономики

Олжас Бектенов обсудил с Премьером Госсовета КНР Ли Цяном вопросы экономического сотрудничества и выступил на сессии инициативы «Один пояс, один путь»

zamandas69@mail.ru