Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Мерей Мәулітханов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Мерей Мәулітханов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК

 –  Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Мерей Мәулітханов чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей өз салмағында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті.

Одан бөлек, Диас Әскербай (67 келі), Расул Жүніс (77 келі) және Әмір Төлебаев (82 келі) финалда сүрініп, күмісті қанағат тұтты.

Бақдәулет Азамат (97 келі) пен Асылбек Жәнібекұлының (130 келі) еншісінде қола медаль бар.

Сәйкес жаңалықтар

10 медаль және тарихтағы тұңғыш командалық алтын: Қазақстанның дзюдодан әлем чемпионатындағы зор жеңісі

zamandas69@mail.ru

Funny Sport жобасы аясында жастар арасында кедергілермен жаппай жүгіру өтті

Қызылордада көкпардан ҚР чемпионаты өтіп жатыр