Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

Мобильді аударым: Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілуі мүмкін

Фото: Kazinform

 – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға салық салу бөлігінде қарастырылып жатқан өзгертулерге қатысты пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың банктік есепшоттарында жүргізілетін операцияларды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылдың 29 наурызындағы №323 бұйрығымен айқындалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызудың қолданыстағы өлшемшарттарына өзгертулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып бастау бөлігінде қолданыстағы өлшемшарттарға өзгертулер енгізу мәселесі пысықталып жатыр», – деп атап өтті комитеттен агенттіктің ресми сауалына орай.

Өлшемшарт бойынша мынадай редакция ұсынылады: «Бір жеке тұлғаның банктік есепшотына үш ай бойы жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан асатын ақша қаражатын ай сайын әртүрлі тұлғадан 100 және одан да көп алуы».

Сәйкес жаңалықтар

Сенат жылу энергиясында мемлекеттік бақылауды күшейтуге қатысты құжатты мақұлдады

zamandas69@mail.ru

Үкіметтің басты міндеті – шаруаларға өз өнімдерін шетелдік нарықтарда өткізуде жан-жақты қолдау көрсету

Алматыда 280 орындық екі жаңа балабақша ашылды