Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Нұраділ Әлжан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Фото: ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Нұраділ Әлжан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалдық белдесуде Әлжан екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері оңтүстіккореялық Харим Лимен кездесті.

Негізгі уақытта қос спортшы да жеңімпазды анықтай алмады. Белдесудің тағдыры қосымша уақытта шешіліп, онда қазақстандық балуан тиімді әдіс жасап, жеңіске жетті.

Осылайша, Нұраділ Әлжан Азия чемпионатының финалына шығу үшін күреседі.

Сәйкес жаңалықтар

Әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды.

Жаһандық ауқымда тұрақты білім беру тәжірибесін дамытуға бағытталған

Үкімет Қызылорда қаласындағы ЖЭО жөндеу жұмыстарына 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді