Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Отырарда қыш шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі: дәстүр, технология және жаңғыру» тақырыбында қыш шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәдениет мекемелерінің басшылары, өңірлерден және шет мемлекеттерден келген қыш шеберлері қатысты.

Бағдарлама аясында қыш бұйымдарын дайындаудың дәстүрлі технологиялары бойынша шеберлік сабақтары өтті. Қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, өз жұмыстарында қолданатын әдіс-тәсілдерді көрсетті. Бұдан бөлек, олар өз қолдарынан шыққан бұйымдарды «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қорына табыстады.

Жәрмеңке қыш өнерінің дәстүрін сақтауға, шеберлердің кәсіби білігін жетілдіруге және халықаралық мәдени байланысты нығайтуға бағытталды.

Сәйкес жаңалықтар

Жаңа отынды пайдалану автокөліктерді жаңғыртуды қажет етпейді

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік бар жерде – тірлік бар» мерекелік іс-шарасы!

Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында он бірінші мектеп ашылды