Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.


Сәйкес жаңалықтар

Алматы спортшылары Қазақстан құрамасының Азия Пара ойындарындағы жетістігіне үлес қосты

Жастар мыңдаған көрерменнің алдында әсерлі қойылым ұсынды

Шығармашылық ізденістерге арналған маңызды әрі құнды басылым