Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясат

Президент Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін Қытайға барады

Фото: Акорда

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент бұл елде Боао Азия форумының сессиясына қатысады. Сондай-ақ ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында «Азия және әлем: ортақ міндеттер, ортақ жауапкершілік» ұранымен Бао Азия форумы (БАФ) басталды.

Сәйкес жаңалықтар

Талдықорған әскери госпиталі заманауи медициналық жабдықтармен толықты

Жеке тұлға банкроттығы қалай жүзеге асады?

Балауса Мұздыман келесі жекпе-жегін өткізеді