Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады

фото:Ақорда

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Сәйкес жаңалықтар

Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады

Алматыда Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылым музейі ашылмақ

Министрлік проактивті қызмет көрсетуді де дамытуда