Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында этноауыл ашылды

Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар аясында Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында этноауыл ашылды.

Этноауыл аумағында 10-нан астам киіз үй тігіліп, әр үйдің маңында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптейтін қойылымдар ұсынылуда. Келушілер үш алтыбақан жанында көңіл көтеріп, ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі көрмелер мен концерттік бағдарламаларды тамашалай алады. Мұнда қазақ халқының әдеп-ғұрыптарымен қатар, өзге этностардың да мәдениеті, тұрмыс-салты таныстырылады.

Этноауыл аумағында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен он күн бойы концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдар болады. Ән шырқалып, күй күмбірлеп, ұлттық билер сахналанады. Бұл өнер мерекесі әрбір қонаққа ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз.

Бүгін мұнда «Асыл мұра» атты қолөнер шеберлерінің облыстық фестивалі басталды. Фестиваль аясында өңірдің үздік шеберлері өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынады. Ұлттық мұраны насихаттауға, шығармашылық бастамаларды қолдауға бағытталған шара үшінші мәрте өткізіліп отыр. Фестиваль қорытындысында «Аламан құрақ-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Облыс әкімі Берік Уәли Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай ашылған этноауылға келіп, арнайы тігілген киіз үйлерді аралап, көрмені тамашалады. Өнерпаздармен, қолөнершілермен пікірлесті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, этноауыл аумағында 1-10 тамыз аралығында қазақ күресі, каратэ-до кекушинкай, таэквондо, садақ ату, қол күресі, дойбы, тоғызқұмалақ, турникке тартылу, гір көтеру, асық ату сынды ұлттық және заманауи спорт түрлерінен ашық қалалық чемпионаттар өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

2025 жыл – идеологиялық тұрғыда ерекше атаулы жыл

Астанада мектеп оқушылары Домбыра күніне орай республикалық челлендж бастады

Форвардтық қаржыландыруды алушы аграршылар егін жинауға кірісті