Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды

Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкат Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде америкалық Белал Мұхаммадпен кездеседі. Жекпе-жек жиырма бірінші қазанға жоспарланған. Белал Мұхаммад ММА-де 25 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен.

Ал Шавкат Рахмонов 17 кездесуінің бәрінде жеңімпаз атанған. UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмонов алтыншы, Белал Мұхаммад үшінші орында тұр.

Сәйкес жаңалықтар

Таразда қазақ күресінен ел чемпионаты аяқталды

Қазақстан полицейі халықаралық чемпионатта күміс медаль жеңіп алды

Рахмонов пен Махачев жекпе-жекке шығуы мүмкін