Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Шымкентте 77 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында «Қорғау» қосымшасы арқылы қалалық Полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы хабар алып, оның 77 млн теңге берешегі бар екенін анықтады.

Полиция көлік жүргізушісін Түркістан көшесінде тоқтатып, қарызын өтеу туралы ескертті. Содан кейін оның көлігі айыптұраққа қойылды. Енді жүргізуші қарыздарын төлеген соң автокөлігін қайтара алады.

«Қорғау» қосымшасы Шымкентте жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін жүргізушілерді анықтап жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру уақытша тоқтатылады

Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы тарихи-мәдени кешенде болды

Ақордада тасқынмен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті

zamandas69@mail.ru