Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

“Сталкингті тоқтат, қауіпсіздік – әр адамның құқығы” тақырыбында ауқымды профилактикалық форум өтті

Түркістан қаласы әкімдігі, полиция басқармасы және прокуратураның ұйымдастыруымен “Сталкингті тоқтат, қауіпсіздік – әр адамның құқығы” тақырыбында ауқымды профилактикалық форум өтті.

Іс-шараға Түркістан қаласы әкімдігі аппаратының басшысы Қуаныш Нұржанұлы, қала прокуроры Кәукен Бахытбайұлы, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев, сондай-ақ есепте тұрған тұлғалар мен қала тұрғындары қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – қоғамда көп жағдайда назардан тыс қалып жүрген, алайда азаматтардың жеке қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін сталкинг мәселесіне қоғам назарын аудару, оның алдын алу тетіктерін талқылау және қолданыстағы заңнама аясындағы жауапкершілікті түсіндіру.

Шара барысында Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, “Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың” Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Сұңғатқызы және психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Мөлдір Зайнуллақызы сталкингтің әлеуметтік, құқықтық және психологиялық салдары туралы кеңінен баяндады.

Сонымен қатар спикерлер сталкингтің алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

500-ден астам тұрғынды қамтыған форум сталкингтің салдарын айқын көрсеткен әсерлі сахналық қойылыммен және өнерпаздардың өнер көрсетуімен қорытындыланды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда туризмді дамыту үшін көлік инфрақұрылымы жаңғыртылуда

zamandas69@mail.ru

Ауыл құтқарушылары 753 өртті сөндірді: бағдарлама қазақстандық ауылдардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп отыр

SCAT әуе компаниясының әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты