Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҒылым-Білім

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ДЕПУТАТ НАЗАРЫНДА

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі Талғат Балтабаев қоғамдық диалогқа әрдайым дайын. Ол оны сөзбен талай рет айтып жүргені белгілі. Нақты іспен де көрсетіп “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде де бірнеше рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Енді өз округіндегі тұрғындар үшін әркез іздегенде табылу үшін өзінің қоғамдық қабылдау бөлмесін ашты. Халықтың үніне құлақ түріп, олар көтерген мәселенің шешілуіне ықпал ету мақсатында ашылған депутаттың қоғамдық қабылдау бөлмесі “Аманат” бизнес орталығы (Бәйдібек би 80) ғимаратында орналасқан. Өз кезегінде Талғат Балтабаев Шымкент қаласы мәслихатының депутаты ретінде өз қабылдау бөлмесінде алғашқы қабылдауын өткізіп үлгерді. Оған келген азаматтар депутаттың олар көтерген мәселені бақылауға алып, оң шешілуіне ықпал ететіні үшін алғысын білдірді.

#Nurotan
#Nurotanshymkent
#NurOtanQazaqstan30

Сәйкес жаңалықтар

Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ең күрделі операциялардың бірін сәтті жүргізді

Шаңырақ күні: Астанада жаңа босанған аналар мен нәрестелерге сыйлықтар табыс етілді