Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы автокөлік тоннелі ашылып, пайдалануға берілді

Бұл нысан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жатады. Нысанды ресми түрде көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ашты.

«Бұл – Қазақстанның көлік инфрақұрылымы үшін маңызды оқиға. Еліміздегі алғашқы тоннель. Бүгін ашылғаннан кейін негізгі көлік ағыны Шақпақ Баба елді-мекенінің айналма жолына бағытталды. Бұл елді-мекеннің ішіндегі жол қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар нысан қыста жүргізушілердің Шақпақ баба асуында қар құрсауында қалып қоймауына мүмкіндік береді», – деп атап өтті вице-министр.

Нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегідей жүйелер қарастырылған:

  • Жедел қызметтермен байланысуға арналған таксофондар;
  • Жол жәшіктері;
  • Бейнебақылау камералары;
  • Өрт дабылдары;
  • Люминесцентті шамдар;
  • Апаттық шығу;
  • Жарық қайтарғыш элементтер;
  • Өрт сөндіру жүйесі;
  • Өрт сөндіру резервуарлары;
  • Нысанды тастардың құлауынан қорғайтын құмды бассейндер;
  • Ақпараттық тақта және т. б.

Сәйкес жаңалықтар

Павлодарда «Архивтік құжаттарды насихаттау және пайдалану» тақырыбында өңірлік семинар өтті

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Батыс Қазақстан машина жасау зауытының еңбек ұжымымен Жаңа Конституция жобасын талқылады

«Отбасында да бұйырып сөйлейді». Запастағы офицерлер әлеуметке неге бейімделе алмайды?