Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Шоу-бизнес

Тәуекел Мүсілім қыз баланың әкесі болуды армандап жүргенін айтты

Фото: instagram.com/mahonti/
Актер Тәуекел Мүсілім қыз баланың әкесі болуды армандап жүргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қызым болғанын қалаймын. Достарым қыздың әкесі болу мүлде бөлек сезім екенін айтып жатады. Қызың дүниеге келгенде әйелдің жанын түсіне бастайсың дегенді айтады. Мен де соны сезініп көргім келеді. Махаббаттың денсаулығы жақсы болса, тағы 4-5 жылдан соң төртіншісіне тырысып көреміз. Сол уақытта да қыз бұйырмай жатса, сонымен тоқтайтын шығармыз, – деді ол.

Айта кетейік, қазір актердің екі ұлы бар. Жас отбасы үшінші сәбиін күтіп отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Келінге бүкіл жағдайды жасамау керек

Мәдениет саласының ары да, намысы да – сахна

Астанада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады