Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҒылым-Білім

Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицей жөнделеді

«Мемсараптама» РМК Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицей ғимаратын күрделі жөндеу жобасы бойынша оң қорытынды берді.

Мектеп Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Желтоқсан 9 көшесінде орналасқан.

Жобаның паспортына сәйкес, жалпы ауданы 9325,5 м2 мектеп 2001 жылы салынған. Жұмыс жобасында үй-жайларды қайта жоспарлауды орындау, ғимараттардың сыртқы және ішкі әрлеуін, еден конструкцияларын, есік блоктарын ауыстыру көзделген. Сонымен қатар, шатырды ауыстыру, жаңа автоматты өрт дабылын беру, электрмен жабдықтау, электр жарығы, жылыту, су құбыры және кәріз жүйелерін ауыстыру, сондай-ақ желдету жүйесін қарастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жұмыс жобасы аясында интернет, телефондандыру және цифрлық бақылау және қол жеткізуді басқару жүйелерін орнату қарастырылған.

Тапсырыс беруші Астана қаласы әкімдігінің «Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Бас жобалаушы – “КостСтандарт”ЖШС болып табылады.

Сәйкес жаңалықтар

Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті

«Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі басталды

Euronews қазақ тілінде ақпарат тарата бастайды