Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Әуе шарымен саяхаттау кезінде отбасылық жұп қаза тапты

Мексикада ерлі-зайыпты әуе шарымен саяхаттау кезінде тірідей өртеніп кетті, олардың 13 жастағы қызы күйіп қалған.

Оқиға туристер арасында танымал Теотиуакан археологиялық аймақтың төбесінде болған. Шар кәрзіңкесінде отбасылық жұп қызымен болған.

Бір кезде әуе шарының кәрзіңкесі өртене бастаған. Портал мәліметінше, өртке оранған адамдар кәрзіңкеден секіріп кеткен. 50 жастағы ер мен 38 жастағы әйелі оқиға орнында қаза тапты, ал олардың қызын II және III деңгейдегі күйік шалған. Құлаған кезде қолын сындырып алған, алайда тірі қалды. Қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Сәйкес жаңалықтар

Соғыс лебі есетін кез-келген «полкқа» түбегейлі қарсымын

Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады

zamandas69@mail.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді