Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ТАПШЫЛЫҒЫНАН ҚҰТЫЛМАҚ

Бүгін нысан құрылысын жүргізетін инвестор компания анықталды. Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша түрік компаниясы «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» акционерлік қоғамы жеңімпаз атанған. Енді мердігер мекеме бу-газ қондырғысын жыл аяғында бастап, 2025 жылы ел игілігіне пайдалануға береді.
Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді. Себебі осы кезге қаладағы электр желілері 50-60 жылдан астам үздіксіз жұмыс жасап келгендіктен, әбден тозығы жеткен. Бұл сөзсіз электр жүктемесіне салмақ салады.
Айту керек, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ үшін өзекті электр энергиясы мәселесін орнықты түрде шешу үшін Энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстарды атқарды. Нәтижесінде, ведомство басшысы ­Болат Ақшолақов бұл жобаға қолдау білдіретінін жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Ішкі істер министрлігіне «Бишімбаев ісін» ерекше бақылауға алуды тапсырды

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінде сөз сөйледі

Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасына қатысуда